Қазақстан халықаралық турнирде 11 жүлдемен Өзбекстанды артта қалдырды

0
591

Бұл жарысқа 11 елден жүзден аса боксшы қатысқан.


Қазақстан халықаралық турнирде 11 жүлдемен Өзбекстанды артта қалдырды

ERNUR.KZ. Әзірбайжанда Гейдар Алиевтің 100 жылдыға өткен бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп жазады vesti.kz.

Бұл жарысқа 11 елден жүзден аса боксшы қатысқан. Қазақстан бұл турнирде 11 жүлде - үш алтын, үш күміс және бес қола жеңіп алған. Чемпиондар Ержан Ізтілеуов (52 келі), Тагир Сатаев (63), Жасұлан Бердалы (70).

Күміс Игорь Соловьев (63), Бекарыс Нұрмұхан (66), Бексұлтан Қайратұлы (80), ал қола - Рамазан Орынбасар (50), Асқар Қуаныш (63), Мұхит Нұрқабыл (57), Бақытжан Айтмұханов (75), Аният Тілеужан (80).

Жалпыкомандалық есепте Ресейден кейін екінші орынға тұрақтады. Үздік үшитікті Әзірбайжан түйіндеді.

Бұл турнирде жекелей марапат та берілген екен. Мәселен, қазақстандық Данияр Ақбисенов "Ең табанды боксшы" атанған, ал өзбекстандық Бехруз Курбонов "Техникасы ең мықты" ретінде мойындалыпты.

Жалпыкомандалық есеп мынадай:
1. Ресей — 4-3-3
2. Қазақстан — 3-3-5
3. Әзірбайжан — 3-1-13
4. Өзбекстан — 2-4-1
5. Беларусь — 1-0-1
6-7. Грузия — 0-1-0
6-7. Израиль — 0-1-0
8. Қырғызстан — 0-0-2