Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады

0
752

Ел қоржынына жалғыз "алтынды" дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.


Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Париж Олимпиадасындағы өнерін аяқтады, деп жазады Zakon.kz.



Франция астанасында өткен ойындарда қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынына жалғыз "алтынды" дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Қазақстандық атлеттер үш рет тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алды.



Олимпиадада үшінші орынды Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте әзірше 41-орында тұр.