Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады.
ERNUR.KZ. Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.
Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады.
Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.
Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан.
Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.
Ал жартылай финалда ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).
Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.