Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды

0
570

Үздік үштікті Катар құрамасы түйіндеді: 8 медаль (2 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола»).


Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды

ERNUR.KZ. Астанада жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы 10-шы Азия чемпионаты аяқталды. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігінде 12 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 3 күміс және 3 қола, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан спортшылары жүгіруден Азия чемпионы атанды:

  • Кэролайн Кипкируи - 3000 метр;
  • Элина Михина - 400 метр;
  • Ерлер эстафетасы: Михаил Литвин, Вячеслав Земс, Эльнор Мұхитдинов және Андрей Соколов – 4х400 метр;
  • Әйелдер эстафетасы: Элина Михина, Аделина Земс, Александра Залюбовская және Кристина Кондрашова – 4х400 метр;
  • 60 метрге кедергілермен жүгіру – Давид Ефремов;
  • биікке секіру - Надежда Дубовицкая.

Күміс медальмен марапатталғандар:

  • Михаил Литвин - 400 метрге жүгіру;
  • Ольга Сафронова – 60 метрге жүгіру;
  • Кристина Овчинникова – биіктікке секіру.

Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальдарды мына спортшылар салды:

  • Ақбаян Нұрмамет – 1500 метрге жүгіру;
  • Шедрак Қимұтай – 3000 метрге жүгіру;
  • Елизавета Матвеева - биіктікке секіру.

Аталған 12 медаль Қазақстан құрамасының спортшыларына 2023 жылғы Азия чемпионатының медальдық есепте екінші орынға шығуына мүмкіндік берді. Ал Жапония өкілдері жалпыкомандалық есепте көш бастады: 15 медаль (6 алтын, 5 күміс, 4 қола).

Үздік үштікті Катар құрамасы түйіндеді: 8 медаль (2 «алтын», 4 «күміс» және 2 «қола»).