Қазақстандық боксшы өзбекстандық "Құбыжықты" жеңді

0
1 072

Боксшымыз жартылай финалға өтті.


Қазақстандық боксшы өзбекстандық

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Тайланд астанасы Бангкокта болып жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы 1/4 финалда Құлахмет өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Қазақстандық төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.

Айта кетейік, Өзбекстан боксшысы кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, "Құбыжық" лақап атын иеленіп үлгерген.

Осылайша, Құлахмет 2019 жылғы Азия чемпионатының жүлдесіне ілікті. Мұның алдында Закир Сафиулллин (60) де жартылай финалға өткен.

Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтсады.

69 келі. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өбекстан)
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды : Теміртас Жүсүпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.