Қазақстандық конькиші Олимпиада жүлдегерін басып озды, бірақ медаль алмады

0
1 875

Морозова екінші жұп жарысын 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Мия Килбургпен бастаған.


Қазақстандық конькиші Олимпиада жүлдегерін басып озды, бірақ медаль алмады

ERNUR.KZ. Қазақстан құрамасының конькишісі Надежда Морозова қысқы Олимпиада ойындарында 3000 метр қашықтықта өнер көрсетті. 4:04,97 уақытта мәреге жеткен спортшының нәтижесі марапат жеңіп алуға жетпеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстандық спортшы екінші жұпта жарысты 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері - америкалық конькиші Мия Килбургпен бастаған.
Ол бұл қашықтық бойынша 13-орынға тұрақтады, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.
Морозова Бейжіңдегі ойындарда басқа қашықтықтарда да өнер көрсетеді. 7 ақпанда ол Екатерина Айдовамен бірге 1500 метр қашықтықта өнер көрсетеді, ал 17-күні екеуі де 1000 метр қашықтықта өтетін жарыстарға қатысады.
"Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 метр қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы – 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын", - деді Надежда Морозова жарыстан кейін.
Айта кетері, 2021 жылдың желтоқсанында Солт-Лейк-Ситиде өткен Әлем Кубогы кезеңінде Морозова 3:59,647 уақытта жетіп, 3000 метр қашықтықта Қазақстан рекордын орнатты. Оған дейін осы қашықтықтағы Қазақстан рекорды Людмила Прокашеваға тиесілі болды (4:05.01), ол оны Калгаридегі 2001 жылғы әлем чемпионатында көрсетті.