Қазақстандық спортшылар Германияда өткен әлем кубогынан 37 медаль әкелді

0
1 696

Сарапшылар мұның спорттағы ірі жетістік екенін айтады.


Қазақстандық спортшылар Германияда өткен әлем кубогынан 37 медаль әкелді

ERNUR.KZ.Ерекше қажеттіліктері бар адамдардан құралған Қазақстан командасы Германияда өткен әлем кубогында табысты нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының қоржынында: 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль.

Қазақстандық жүзушілер төрт күн бойы 47 мемлекеттен келген спортшылармен бақ сынасты. Нәтижесінде жалпы 37 медальге қол жеткізді. Бұл - соңғы үш жылдағы үздік нәтиже, құраманың әр мүшесі үйге медальмен оралады деген сөз.

Қазақстан құрамасында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Зүлфия Габидуллина (алтын және күміс) мен Шахан Жолдасбаев (қола) бар.

Зүлфия Габидуллина мен Наталья Звягинцева өзгелеріне қарағанда жоғары нәтиже көрсетті. Екеуі қарсыластарынан басып озып қана қоймай, абсолютті біріншілікке өтті. Сарапшылар мұның спорттағы ірі жетістік екенін айтады. Отандық спортшыларды қолдауға дипломаттар барды. Жеңімпаздарды алғаш құттықтаған да солар болды.

«Өз класымда бірінші орын алғаным рас. Бірақ мен абсолютте бірінші орын алғым келді. Әлі де табысқа қол жеткізу үшін әрі қарай еңбектенуім қажет. Жетістіктер қаншалықты көп болса, нәтиже де соғұрлым жоғары болады немесе жеткен нәтижең жетістігіңнің айқын көрінісіне айналады. Біздің спортшылар әлі жас, энергиялары өте көп. Әсіресе, эстафета кезінде олар тамаша ойын көрсетті. Бұл сондай жақсы болды! Біздегі спортшылардың барлығы жақсы және олардың әрқайсысы спорттың биік шыңына шығуға асығады», - дейді Зүлфия Габидуллина.