Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирде финалға шықты

0
1 009

Ол мұндай жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақ әйелі.


Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирде финалға шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық Анна Данилина Гвадалахарада (Мексика) өткен турнирде әйелдер арасындағы жұптық сында финалға шықты, деп жазады stan.kz.

Жартылай финалдық кездесуде ол бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге әйелдер жұптарының көшбасшылары – чех дуэті Барбора Крейчикова / Катерина Синякованы – 6:2, 5:7, 10:7 есебімен ұтты. WTA жұптық рейтингінде Данилина 19-орынға табан тіреді.

Осы жеңісінің арқасында Данилина 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында өтетін соңғы WTA турнирінде өнер көрсетеді. Ол мұндай жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақ әйелі. Бұған дейін Ярослава Шведова финалдық турнирге жолдама алған болатын.