Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

0
816

Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен жұптасып 1/4 финалда сербиялық Иван Шабанов пен Матей Шабановтан айласын асырды.


Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Мюнхэн (Германия) қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен жұптасып 1/4 финалда сербиялық Иван Шабанов пен Матей Шабановтан айласын асырды. Есеп - 6:3, 7:5.

Ойын 1 сағат 34 минут болды.

Енді Голубаев пен Мартен келесі кезеңде Рохан Бопанна (Үндістан)/Матве Мидделкоп (Нидерланды) - Рафаэль Матос (Бразилия)/Давид Вега-Эрнандес (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.