Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің абсолютті чемпионы атанды

0
532

Қызылорда қаласында туып-өскен Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді.


Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің абсолютті чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Ерасыл Ерділдә Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп жазады vesti.kz.

Team Kazakhstan академиясының түлегі Ерасыл әуелі жұптық сында қазақстандық Виталий Зацепинмен бірге үздік шықты. Қазақстандық жұп финалда ресейліктер Макар Елесин - Даниил Степановты ұтты - 6:3, 6:3. Содан кейін Ерасыл жекелей сында Д.Степановты айқын басымдықпен жеңді - 6:1, 6:2.

Осылайша, Қызылорда қаласында туып-өскен Ерділдә ITF додаларындағы бесінші титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ Францияның Дижон қаласында төртінші санаттағы ITF Juniors жарысында Зара Дәркен жұптық сында жеңімпаз атанды. Ол украиналық Анастасия Фирманмен бірге соңғы бәсекеде украиналықтар Серафима Бобровникова - Стефания Пушкарьды тізе бүктірді - 7:5, 6:3.

Ереван қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Асқар Әмір өзінің халықаралық жарыстағы алғашқы трофейіне ие болды. Ол финалда ресейлік Павел Яромскиймен бірге ресейліктер Филипп Смирнов - Аркадий Вахлиннен басым түсті - 6:2, 6:7 (2:7), 10:7.