Қазақстандық теннисші "Уимблдон" тарихына кірді

0
427

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет Үлкен дуылға финалына шығып отыр.


Қазақстандық теннисші

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2015 жылдан бері "Уимблдон" финалына шыққан ең жас теннисші болып отыр, деп жазады Vesti.kz.

23 жастағы Рыбакина карьерасында алғаш рет Үлкен дуылға финалына шығып отыр, ал жарысты ұйымдастырушылар оның жетістігін атап өтті.

"2015 жылдан бері Уимблдонның ең жас финалисті", - деп жазыпты турнирдің ресми аккаунты.

Еске салайық, Кеше Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шыққан болатын. Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі.