Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ширек финалға шықты

0
499

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.


Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ширек финалға шықты

ERNUR.KZ. Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп жазады Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

  • Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
  • Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.
  • Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді. Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.