Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалына шықты

0
1 042

Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті.


Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлердің финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисшілер Григорий Ломакин мен Аружан Сағындықова халықаралық турнирлердің финалына дейін жетті, деп жазады inform.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Перейра (Колумбия) ATP Challenger турнирінің финалында венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен күш сынасты.

Г.Ломакин мен О.Приходько тәжірибелі қарсыластарымен теңбе-тең дәрежеде өнер көрсетті. Екі сет те тай-брейкке дейін жетіп, онда Л.Мартинес пен К.Родригес сәттірек ойнады – 7:6 (7:2), 7:6 (7:3). Мароккода сондай-ақ үшінші санаттағы ITF Juniors жарысы мәреге жетті.

Онда тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова португалиялық Софья Пинтомен бірге соңғы бәсекеде жергілікті спортшылар Мафалда Гуэдеш – Матильда Мораисқа есе жіберді – 2:6, 4:6.