Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлев кеше түнде Алматыға ұшып келді.
ERNUR.KZ. Ол осы сапарында Қазақстанның және әлемдік бокстың алдағы даму мәселелерін талқылайтын болады, деп жазады exk.kz.
AIBA басшысының кездесуі түсірілген бейнежазбаны бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы Бақтияр Артаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Сербия астанасы Белградта өткен бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев пен Умар Кремлев кездесу өткізген. Онда AIBA президентінің Қазақстанға жасайтын ресми сапары туралы келісім жасалған болатын.