Теміртас Жүсіпов өткен жылы Сербия астанасындағы әлем чемпионатында 48 келіде алтыннан алқа тағынған еді.
ERNUR.KZ. Теміртас Жүсіпов Белградтағы Beogradski Pobednik турнирінің финалына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz.
Турнирдің 1/2 айналымында 51 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қырғызстандық Нұржігіт Дүйшебаевқа 4:1 есебімен ұтылды. Осылайша Жүсіпов аталмыш жарыстан кем дегенде қола жүлде еншілейтіні белгілі болды.
Еске салайық, Теміртас Жүсіпов өткен жылы Сербия астанасындағы әлем чемпионатында 48 келіде алтыннан алқа тағынған еді. Спорттық мансабында Азия біріншілігінде топ жарған. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы атанды.