КХДР Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты

0
1 690

КХДР Ұлттық олимпиада комитеті Пхеньянда өткен отырыста осындай шешім қабылдады.


КХДР Токио Олимпиадасына қатысудан бас тартты

ERNUR.KZ. КНДР өз спортшыларын коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорғау үшін Токио Олимпиадасына қатыспайды, деп жазады ҚазАқпарат.

КХДР Ұлттық олимпиада комитеті Пхеньянда өткен отырыста осындай шешім қабылдады.

Токио Олимпиадасы 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамызы аралығында өтуі тиіс еді.

Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына ауыстырылды.