Ханчжоудағы Азия ойындарында Кувейт спортшысы Али Занкави балға лақтыру бойынша жарыстың финалында өнер көрсетті.
ERNUR.KZ. Аяғына балға түскен Азия ойындары төрешісінің жағдайы бірқалыпты, деп жазады ҚазАқпарат.
Ханчжоудағы Азия ойындарында Кувейт спортшысы Али Занкави балға лақтыру бойынша жарыстың финалында өнер көрсетті. Бірақ балға белгіленген бағытынан тайқып, техникалық реферидің аяғына түскен. Техникалық қызметкер темір тордың артында отырады, соған қарамастан оның аяғына салмағы 7,26 келі темір балға түсті. Тор балғаның ұшу қарқынын тежегенімен, оны тоқтата алмайды.
Али Занкави зардап шеккен төрешіге жүгіріп барып, жарасын таңып, қан ағуын тоқтатты. Кейінірек медицина қызметкерлері оны ауруханаға жеткізіп, оң жақтағы асықты жілік сынған деген диагноз қойды.
Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары рефери мен басқа да техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.
Жарыс қорытындысы бойынша, Али Зенкави 8-орын иеленіп, маусымдағы өзінің үздік нәтижесін көрсетті – 67,57 м.