Уле-Гуннар Сульшера командасы 1/8 финалының алғашқы ойынында 0:2 есебімен өз алаңында ұтылған еді.
ERNUR.KZ. Англиялық "Манчестер Юнайтед" Чемпиондар лигасының ширек финалына өтті, - деп жазады Vesti.kz.
Екінші ойында англиялықтар екінші ойында ПСЖ командасын жарыс жолынан шығарып тастады.
Уле-Гуннар Сульшера командасы 1/8 финалының алғашқы ойынында 0:2 есебімен өз алаңында ұтылған еді, алайда, Парижде өткен қарымтада есе қайтарды - 3:1. Екі ойынның жалпы есебі - 3:3, алайда, қонақтағы гол ережесі боынша ары қарай "МЮ" өтіп отыр.
Қарымтада "МЮ" сапыннан Ромелу Лукаку дубль жасады: екінші минутта қорғаушылардың ұйымдаса алмауын пайдаланды және 30-шы минутта Джанлуиджи Буффон қателік жіберді. Бұл голдар арасында ПСЖ жалғыз голын салып үлгерді - Хуан Бернат 12-ші минут.
Шешуші доп үстеме уақытта салынды. ПСЖ қорғаушысы Преснель Кимпембе айып алаңындағы допты қолымен қағып жіберді, ал словениялық төреші Дамир Скомина видеоқайталаудан кейін (VAR) пенальти белгіледі, мүмкіндікті Маркус Рэшфорд сәтті пайдаланды.
Өзге жұпта "Порту" 5:3 болған жалпы есеппен "Романы" жарыс жолынан шығарды. Негізгі уақыт 2:1 есебімен Португалия чемпиондарының пайдасында аяқталды, алайда, алдыңғы ойында италияндық клуб дәл осындай есеппен ұтқан, сондықтан жеңімпаз овертаймда анықталды - 3:1.
"Порту" сапынан 26-шы минутта Франсиско Соарес, 52-ші минутта Мусса Марега, ал 120-ші минуттағы пенальтиде Алекс Теллес гол соқты. "Ромада" 37-ші минутта Даниэле де Росси 11 метрлік айып добын салды.
Мұның алдындағы 1/8 финал ойындарында голландиялық "Аякс" испаниялық "Реалды" - 5:3 (1:2, 4:1), ал англиялық "Тоттенхэм" ргерманиялық "Боруссияны" - 4:0 (3:0, 1:0) жарыс жолынан шығарған.
Наурыздың 12-нен 13-не қараған түні "Манчестер Сити" - "Шальке" (алғашқы ойын - 3:2) және "Ювентус" - "Атлетико" (0:2), ал 13-нен 14-не қараған түні - "Барселона" - "Лион" (0:0) және "Бавария" - "Ливерпуль" (0:0) қарымталары өтеді. Ойындардың барлығы Астана уақытымен 02:00-де басталады.
Өзге жұпта "Порту" қосымша уақытта "Романы" жеңді.