"Мен қазақпын": Александр Бубликтің Ресейге қатысы жайлы нақты жауабы

0
739


ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады vesti.kz.

"Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, өйткені қос елдің азаматы болуға болмайды. Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін. Дэвис кубогі, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатыныма мақтанамын", - деп береді теннисшінің сөзін Eurosport.de.