Нокдаунға түскен қазақ боксшы артынша бір соққымен жеңіске жетті

0
607

Лондон төрінде отандасымыз 24 жастағы аргентиналық Николас Ботеллимен (11-7, 6 КО) қолғап түйістірді.


Нокдаунға түскен қазақ боксшы артынша бір соққымен жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (13-0, 9 КО) екінші жартылай орта салмақтың рейтингтік жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

Лондон төрінде отандасымыз 24 жастағы аргентиналық Николас Ботеллимен (11-7, 6 КО) қолғап түйістірді. Зауырбек үшінші раундта нокдаунға түсіп қалғанына қарамастан, бесінші раундта "Питбуль" лақап атымен танымал қарсыласын нокаутқа түсірді.

Еске салайық, шымкенттік былғары қолғап шебері Тұманды Альбионда мальталық Хайтем Лаамузбен (17-1, 7 КО) қолғап түйістіріп, WBO European белбеуін қорғауы тиіс еді. Алайда бір күн қалғанда басқа боксшымен жұдырықтасуға тура келді.