Ол АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия атынан аймақ әйелдерінің өкілі ретінде жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті спортшылар комиссиясының төрағасы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі (АОК) атқарушы комитетінің құрамына енді, деп жазады sputnik.kz.
Олимпиада чемпионының кандидатурасы Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиада қозғалысы құрлықтық органының бас ассамблеясы барысында АОК атқарушы комитетінің қарауына ұсынылды.
Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпаковаға бірауыздан дауыс берді. Айта кетері, ол АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия атынан аймақ әйелдерінің өкілі ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ іс-шара аясында АОК президентінің сайлауы өтті. Басшы болып Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) сайланды.