Олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша ақша төленеді?

0
1 361

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы алғанда спортшыларға 185 мың доллар төлейді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Қазақстан тек бір медаль - фристайлдан (могулшы Юлия Галышева) бір қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, үздік ондыққа шорт-тректен ерлер командасының (Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев және Еркебұлан Шамұханов) кіргені айтылады. Олар 5 000 метрлік эстафетада 6-орынға тұрақтады.

Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль алғандарға - 250 мың доллар, күміс медаль иелеріне - 150 мың доллар, ал қола жүлдегерлерге - 75 мың доллар беріледі.

Ал 4,5 және 6-орын алған қазақстандықтарға сыйлықақы ретінде 30, 10 және 5 мың долларберіледі. Сонымен қатар, 6-орын алған спортшылар мен олардың бапкерлеріне де осындай көлемде ақша беріледі, бірақ мұнда спортшының жүлдесі жеке бапкеріне және команданың жетекшісіне бөлінеді.

Осылайша, Галышеваға 75 мың доллар беріледі. Тағы 75 мың доллар бөлек Галышеваның үш бапкеріне беріледі. Ал шорт-трекшілердің бапкерлеріне 15 мың доллар бөлінген.

Қазақстан қысқы 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар мен бапкерлерге 185 мың доллар (59 миллион теңгеден аса) төлейді.

Қаражаттың барлығы республика бюджетінен бөлінеді.