Ұлттық құрама командалардың құрамы анықталды.
ERNUR.KZ. 2021 жылдың 17 маусымында ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп жазады baq.kz.
Бүгін спортшылар өрт сөндіру мотопомпасынан жауынгерлік қанат жаю спорт түрі бойынша бақ сынасты. Командалар ең жақсы уақытты көрсету үшін барлық күштерін, білімі мен дағдыларын пайдаланды.
Ерлер арасында қоланы Қызылорда облысының командасы жеңіп алды (27,70). Құрамы: Хон В., Магадан А., Ильясов А., Мәжит Н., Ситников В., Абдуапов Б., Әбдібек Е.
Екінші жүлделі орынды Шымкент қаласы командасы иеленді (27,10). Құрамы: Казакбаев В., Ізбасаров И., Шамшидинов С., Казакбаев И., Мирхалилов Т., Чернышев Н., Шамшидинов М.
Бұл жарыстың жеңімпазы 26,55 нәтижесімен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының командасы атанды.Құрамы: Байтиков Б., Подгородецкий П., Болат А., Өсер Е., Шарипбаев Т., Алимханов А., Әлібай Б.
Әйелдер командалары арасында бұл кезең бойынша 37,02 нәтижесімен Ақмола облысының спортшылары үшінші орынға ие болды. Команда құрамында: Гейзе Р., Козлова А., Жолманова А., Жәнібекова А., Казакова Н., Кувшинова г., Хорошева А.
Екінші орын Батыс Қазақстан облысынан келген қыздарға бұйырды, нәтижесі-34,67. Құрамы: Бурекешева Е., Боранбаева А., Утежанова Д., Муратова Г., Горынина Е., Канатова С., Макарова Я.
Бірінші орынды Шымкент қаласының әйелдер командасы 31,96 нәтижесімен иеленді. Құрамы: Әліхан. А., Саблина Н., Салмина В., Хайрулина В., Избасарова. Л., Мосеева Б., Колотова М.
Сонымен қатар ерлер мен әйелдер арасында төрт күн бойы өткен өрт-құтқару спорты бойынша жарыстың қорытындысы шығарылды.
Осылайша, ерлер арасындағы өрт сөндіру–құтқару спорты бойынша ҚР ХХVII чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте– Атырау облысы қол жүлдегер атанса, күміс медальды Маңғыстау облысы жеңіп алды, ал алтын медальды Нұр-Сұлтан қаласы қанжығасына байлады.
Сонымен қатар жалпыкомандалық есепте әйелдер арасындағы ҚР VII чемпионатының қорытындысы бойынша Қостанай облысынан келген спорттық жасақ үшінші орынды иеленді. Екінші орын Нұр-Сұлтан қаласының командасында бұйырды. Бірінші орынды Шымкент қаласының спорт ұжымы жеңіп алды.
Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 12-14 шілде аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласындағы "Затоболец" стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 28 командадан 251 спортшы жүлделі орындар үшін сайысты.
Ұлттық құрама командалардың құрамы анықталды. Олар 2021 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өтетін ерлер арасындағы XVI Әлем Чемпионатына және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионатына қатысатын болады.