Париж олимпиадасында таеквондодан ел намысын қорғап жатқан Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда жеңіліске ұшырады, деп жазады Stan.kz
58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиламен шеберлік байқасты. Отандасымыз Токио олимпиадасының чемпионы, италиялық ито Делль'аквилаға соңғы секундта ұпай беріп, жеңіліске ұшырады. Осылайша Самирхон үшін Париждегі олимпиада ойындары сәтсіз аяқталды.
Айта кетейік, 80 келі салмақта ел намысын қорғайтын Батырхан Төлеуғали 9 тамыз күні, Мали спортшысы Исмаэль Кулибалиге қарсы шығады.