Путинцева Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

0
386

Небәрі 46 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті.


Путинцева Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандық Юлия Путинцева Цинциннати WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп жазады baq.kz.

Әлемнің 36-ракеткасы Ю.Путинцева бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кездесті. Небәрі 46 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетіп, 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Ол бәсеке барысында 2 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйспен ғана шектеліп, брейк жасай алған жоқ. Бұл спортшылардың өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 2:2. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасады.