Путинцеваны ұтқан теннисшіні корттан арбаға салып алып кетті

0
575

Тан бірінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтқан болатын.


Путинцеваны ұтқан теннисшіні корттан арбаға салып алып кетті

ERNUR.KZ. Украиналық теннисші Элина Свитолина Аустарлияның ашық чемпионатының (Australian Open) үшінші айналымына өтті. Оның екінші айналымдағы қасрыласы франциялық Хармони Тан жарақат салдарынан матчті аяқтай алмады, деп жазады vesti.kz.

Кездесу үшінші сетте 6:3, 5:7, 5:1 есебімен тоқтатылды. Свитолина алда болған. Франциялық спортшы балтыр жарақатынан жарысты жалғастыра алмай, корттан оны арбаға салып алып кетті. Матч екі сағат жеті минут болды.

Үшінші айналымда Свитолина белоруссиялық Виктория Азаренкомен ойнайды.

Еске салайық, Тан бірінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтқан болатын.