Республика бойынша тегін спорт секциялары ашылды

0
1 657

​Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Динамо» спорт қоғамы жанынан тегін секциялардың ашылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Республика бойынша тегін спорт секциялары ашылды

фото: inform.kz

Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Динамо» спорт қоғамы жанынан тегін секциялардың ашылғанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап барлық облыс орталықтарында «Динамо» спорт қоғамы негізінде балаларға арналған тегін секциялар ашылады. Қазіргі кезде республика бойынша 18 филиалда 180 секция жұмыс істейді. Оған 5 мыңнан астам бала қатыса алады. Осыған байланысты бапкерлер мен жаттықтырушылар құрамы жасақталды. Олардың ішінде талай чемпиондарды дайындаған азаматтар да бар», - деді Қ.Қасымов Астанадағы «Алатау» спорт кешенінде өткен мерекелік шарада.

Министрдің айтуынша, тәртіп сақшылары биылғы жылды бақытты балалық шақты қорғау бастамасына арнап отыр.

«Сондықтан осы жылда балаларға патриоттық тәрбие беру жұмысына негізгі басымдық беріледі. Салауатты өмір салтын насихаттау және тағы басқа қайырымдылық шаралар ұйымдастырылады», - деп атап көрсетті Қ.Қасымов.

Айта кетейік, бүгінде «Динамо» спорт қоғамында көркем гимнастика, семсерлесу, қазақша күрес, бокс, каратэ сияқты спорт секциялары бар.