Леандре Тавамба 2016 жылы "Қайрат" командасында өнер көрсеткен.
ERNUR.KZ. Аталған ыңғайсыз жайт Сауд Арабиясы чемпионатында әл-Насыр мен әл-Таавун командалары арасында тартысты өткен матч кезінде орын алды, деп жазады zakon.kz.
"Қақпаға әл-Таавунның шабуылшысы Леандре Тавамба соққан гол дөп түсті, алайда офсайд тіркеліп, оның күші жойылды. Криштиану Роналду зор өкінішке бой алдырған қарсыласын қолдауды жөн санап, оған қолын созады. Алайда, Тавамба Роналдудың қолын алмай, кейін осы әрекеті үшін желіде хейтерлердің "шабуылына ұшырады", деп хабарлайды meta-ratings.kz.
Бұл матчта 2:1 есебімен әл-Насыр жеңіске жетті. Бұл ойында португалдық жақсы пас бере алуы арқылы көзге түсті.
Айта кетсек, Леандре Тавамба 2016 жылы "Қайрат" командасында өнер көрсеткен. Алматы клубы сапында камерундық барлығы 22 матч өткізіп, 4 гол соға алған.