Рыбакина Уимблдон турнирі барысында қазақстандық жанкүйерлердің туралы айтты

0
611

Жартылай финалда Рыбакина Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша ол Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер арасында бірінші болып финалға шыққан теннисші атанды.


Рыбакина Уимблдон турнирі барысында қазақстандық жанкүйерлердің туралы айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде Симона Халеппен өткен ойыннан кейін қазақстандық жанкүйер мен Қазақстан теннис федерациясының қолдауы туралы айтты, деп жазады vesti.kz.

"Қарсыласым Симона Халеп – Уимблдон чемпионы атанған спортшы, бұдан бұрын да кездесулеріміз өте тартысты өткен еді. Осы жолы өз өнеріме ризамын, ең бастысы, сапалы ойнадым. Әрине, жүйкеге оңай тиген жоқ, дегенмен бұрынғы матчтар менің бекініп шығуыма септігін тигізді. Бұрын Орталық кортта ойнаған жоқ едім, бірақ бұл маған әсер ете қойған жоқ. Жанкүйерлерім қарсы алған кезде ерекше сезімге бөлендім. Қиын болғанына қарамастан, бәсеке нәтижесінде жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Әдетте бүкіл матчта тұрақты ойнап шығу қолдан келмейтін, бұл жолы психологиялық дайындығым жақсы болып, бар шеберлігімді көрсете білдім. Ал Қазақстан теннис федерациясының басшысы Болат Өтемұратовтың өзі келіп қолдады. Бұл мен үшін маңызды. Мұны сонымен қатты бағалаймын", - деді Рыбакина.

Еске салайық, жартылай финалда Рыбакина Халепті 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Осылайша ол Қазақстан намысын қорғайтын теннисшілер арасында бірінші болып финалға шыққан теннисші атанды. Енді ол 9 шілде күні финалдық ойынды өткізеді. Қарсыласы - Онс Жабер.