Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллстегі турнирдің финалына жетті

0
698

Финалда Рыбакина мен Кудерметова тайбэйлік Се Шувэй және бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды.


Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллстегі турнирдің финалына жетті

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллсте өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп жазады Vesti.kz.

Жартылай финалда ол ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге украиналық Людмила Киченок пен латвиялық Елена Остапенконы 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Бұл кездесу бір сағат, 16 минут өтті. Осы уақытта Рыбакина мен Кудерметова үш эйс жасап, бір қосарлы қате жіберді және 14 брейк-пойнттың алтауын іске асыра алды.

Финалда Рыбакина мен Кудерметова тайбэйлік Се Шувэй және бельгиялық Элиза Мертенспен ойнайды.