Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

0
947

Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынды.


Садриддин Ахмедов нокаутпен аяқтаған жекпе-жегінен кейін дисквалификацияланды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовке биылғы 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Еске салсақ, 7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен Максим Бурсактың (35-6-2, 16 КО) бокс кеші өтті. Оның аясында Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) те кезекті жекпе-жегін өткізді. «Солдат Q»-дың қарсыласы аргентиналық боксшы Хосе Антонио Вильялобос (12-6-2, 7 КО) болды. Он раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Ахмедов оппонентін ауыр нокаутқа жіберді.

Жекпе-жектен кейін Квебек провинциясының Бокс комиссиясы екі спортшыға да шектеу қойды: Ахмедовке 28 желтоқсанға дейін рингке шығуға тыйым салынса, Вильялобос мерзімсіз «бан»-ға жіберілді. Бұл шара медициналық көрсетілімдер бойынша қолданылды, себебі қос боксшыға да жекпе-жектен кейін қалпына келу қажет.