Ресейлік қазақстандық әріптестерін болашақ чемпиондар деп атады
ERNUR.KZ. Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-3-1, 28 КО) өзінің Instagram парақшасында қазастандық Мейір Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен бірге түскен суретін жариялады, деп жазады Vesti.kz.
Ресейлік қазақстандық әріптестерін болашақ чемпиондар деп атады: "Boxing Laboratory" залында қазақ бауырларым және болашақ чемпиондар Мейірім Нұрсұлтанов және Мадияр Әшкеевпен".
Айта кетейік, Ковалев, Нұрсұлтанов және Әшкеевтің ісін менеджер Эгис Климас және промоутер Кэти Дува жүргізеді.
25 жастағы Нұрсұлтанов қазанда алғаш рет чемпиондық жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен америкалық Джамар Фриманды жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBC белбеулер желісіне кіретін NABF Junior нұсқасы бойынша Солтүстік Американың "жастар" чемпионы атанды. Бұл тоғызыншы жекпе-жегіндегі тоғызынышы жеңісі болды. Бұл жеңістердің жетеуі нокаутпен.
30 жастағы Әшкеев соңғы рет тамызда колумбиялық Эдуардо Флореспен (26-30-4, 15 КО) жұдырықтасқан. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бұл қазақстандықтың он жекпе-жегіндегі тоғызыншы жеңісі, оның алтауы нокаутпен.