Бүгінде чемпиондар мекеніне айналған Шардара ауданында жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталып, түрлі марапаттарға ие болды.
Түркістан облысы, Шардара ауданында 2018-жылдың қорытындысы бойынша армрестлинг спортынан Үздік спортшылары мен Үздік жаттықтырушылары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шардара ауданы әкімінің орынбасары арнайы қатысқан шарада Түркістан облысы бойынша армрестлинг спортынан «2018-жылдың Үздік спортшысы» атағымен биылғы жылғы жасөспірімдер арасында чемпионатта 50 келі салмақта әлем чемпионы атанған Жүсіп Дархан, жасөспірімдер арасында 55 келі салмақтағы әлем чемпионы Қадыр Нұрхан, 55 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сарыбай Ердаулет, жасөспірімдер арасында 80 келі салмақта Қаржау Есболат, жастар арасында 60 келі салмақта әлем чемпионы Өсербай Қыдыр, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері БерікТағабаев, жасөспірім қыздар арасында 65 келі салмақта әлем чемпионыҰлбала Камал, әйелдер арасында 60 келі салмақтағы әлем чемпионыЛаззат Мәлікайдар, ересектер арасында 55 келі салмақта Әбсаттар Даурен, ересектер арасында 65 келі салмақта Айдархан Нұрдаулет сынды көк туымызды биікке көтеріп, әлемдік додаларда елдің намысын абыроймен қорғап жүрген Шардараның құрыш білекті ұл-қыздары марапатталса, Түркістан облысы бойынша армрестлинг спортынан «2018 жылдың Үздік жаттықтырушысы» атағы талай-талай мықтыларды тәрбиелеп, үлкен спортқа баптаған Төреқұлов Нұржан Омарұлына бұйырды.
Сонымен қатар, салтанатты марапаттау рәсімінде Түркістан облысы бойынша армрестлинг спортынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген бірқатар жас спортшылар да «Құрмет граммоталарымен», бағалы сыйлықтармен марапатталды.