Шымкенттегі «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» еркін күрестен КСРО спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарысқа қазақстандық балуандардан өзге Өзбекстан мен Қырғызстаннан жалпы 400 ге жуық спортшылар келген болатын. Финалда 55 келі салмақта Алматы қаласының балуаны Абылай Шәріпбай оңтүстік қазақстандық Бейбарыс Төреханнан басым түсті.
Алматы облысынан келген Еламан Жорабек 48 келі салмақта 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыласынан мықты екенін көрсетті.
Ол алғашқы жекпе - жегінде Шу, кейін Шымкент және ұзынақаштық балуандардан 10:0 есептерімен айласын асырып, ақтық сайысына жолдама алған болатын. Финалда ол семейлік спортшыны жеңіп, Түсіпхан Сайханов атындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Еламан Жорабек өткен жыл турнирдің алғашқы айналымында жеңілген болатын.