Ол Таиландта өткен Азия чемпионатында да жеңісті тұғырдан көрінген болатын.
Осы жылдың 22- 28 қазан күндері Талдықорғанда бокстан жастар арасында «Жетісу кубогы» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
XVI рет ұйымдастырылған кубокта шымкенттік былғары қолғап шебері Майя Бейсебаева бақ сынап, жеңімпаз атанды. Ол турнирде 64 келі салмақта 3 жекпе-жек өткізіп, ақтық сайысында Алматы облысының боксшысынан басым түсті.
Майя Бейсебаева Алматы қаласында өтетін халықаралық турнирге дайындықты бастап жіберді.
Осы орайда айта кетсек, Майя биыл 19 – 29 сәуір аралығында Таиландта жастар арасында өткен Азия чемпионатына да қатысып, екінші орынмен оралған болатын.