Шымкент командасы өткен жылы Қазақстан чемпионатында екінші орынды иеленген
ERNUR.KZ. Алматыда әуесқой футболдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
20 - 25 тамыз аралығында Алматыдағы ЦСКА стадионында 40 жастан асқан ардагерлер арасында əуесқой футболдан XXVIIҚазақстан чемпионаты өтуде. Биыл турнирде 7 команда бақ сынауда. Командалар екі топқа бөлініп, плей офф жолдамасын сарапқа салды. 1 - турда "Павлодар" командасы "Қызылорда" ұжымын 3:2 есебімен жеңді. Ал, "Тараз" футболшылары "Раймбек" командасына 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Жарыстың екінші күнінде Шымкент қаласының командасы турнир қожайындары алматылықтарға қарсы алаңға шықты. Ойын басынан алаң иелері шабуыл ұйымдастырып, есепті ашты. Шымкенттіктердің қақпашысы Жасұлан Құдайбергеновтың қатесінен соң "Алматы" футболшысы бос қақпаны нысанаға алды - 1:0.
Екінші тайм басында екінші гол соғылды. Бұл жолы да шымкенттік футболшылар сенімсіз ойын көрсетіп, өз қақпаларына гол жіберіп алды. Бірақ, араға минут салып есеп қысқарды. Бимат Тоқтаров мүмкіндігін мүлт жібермей бір голдың авторы атанды. Қортынды есеп 2:1 "Алматы" командасының жеңіске жетті.
Сондай-ақ, шымкенттіктер 2 - турда 22 тамыз күні "Қаратау" ұжымына қарсы алаңға шығады. Осы орайда айта кетсек, Шымкент командасы өткен жылы Қазақстан чемпионатында екінші орынды иеленген болатын.