Странджа кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды

0
813

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр.


Странджа кубогы: Назым Қызайбай чемпион атанды

ERNUR.KZ. Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогы турнирінде әйелдер арасында қазақстандық Назым Қызайбай чемпион атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

50 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалда алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, тунирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Ал 54 келі салмақта сынға түскен тағы бір бұрымды боксшымыз Дина Жоламан «Странджа кубогінің» күміс жүлдесін иеленді.

Ол финалда шаршы алаң иесі Станимира Жоламанмен жұдырықтасып, қарсыласына жол берді.

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.

Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.