Токио Олимпиадасы: Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты

0
449

​Қазақстандық теннисші жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матчты тоқтатты.


Токио Олимпиадасы: Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында теннистен жекелеген бәсекелер өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін үш теннисшіміз өнер көрсетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевке қарсы шықты. Бірақ айласын асыра алмады. Бублик екі сетте (4:6, 6:7) ұтылып қалды. Ал Елена Рыбакина өз қарсыласына бірде-бір сет бермеді. Қазақстандық теннисші австралиялық Саманта Стосурды 6:4 және 6:2 есебімен жеңіп кетті.

Одан кейін кортқа Зарина Диас шықты. Оның қарсыласы – әлемнің №11 ракетасы чехиялық Барбора Крейчикова. Ал жерлесіміз WTA рейтингісінде 99-шы орында тұр. Қарсыластың қарқыны қатты болды. Дегенмен Диас жақсы өнер көрсете білді. Бірнеше ұпайға қол жеткізді. Алайда жарты сағаттан кейін жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Ол кезде есеп 2:5 болып тұрған. Осылайша жеңіс Барбораға берілді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия алды. Қазақстанның атынан 7 спортшы өнер көрсетіп жүр. Олар - Александр Бублик, Елена Рыбакина, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Диас, Андрей Голубев пен Ярослава Шведова.