Ойыншы соңғы рет елордалық "Астана" сапында доп тепті.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев мансабын Қостанайдың "Тобыл" клубында жалғастырады, деп жазады vesti.kz.
Ойыншы соңғы рет елордалық "Астана" сапында доп тепті. Қазіргі чемпиондар сапында 30 ойынға қатысып, 2 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Аслан Дарабаев 2018 жылы "Тобылда" ойнаған. Сондай-ақ "Ертіс", "Жетісу", "Каспий", "Қайрат", "Шахтер" мен "Ақтөбе" клубтары қатарында ойнаған.
Ұлттық құрама сапына 2014 жылдан бері шақыртылып келеді.