Ұлттық құраманың жеңілісін жезөкшелермен атап өткен үш футболшы командадан қуылды

0
977

Ойыншылар қонақ үйге жезөкшелерді шақырған.


Ұлттық құраманың жеңілісін жезөкшелермен атап өткен үш футболшы командадан қуылды

ERNUR.KZ. Никарагуа құрамасының үш футболшысы КОНКАКАФ кубогі кезінде тәртіпсіздікке бой алдырып, бас бапкердің шешімімен командадан қуылды, деп жазады kaz.nur.kz.

Журналист Джанлука Ди Марционың мәліметінше, Коста-Рикадан 4:0 есебімен жеңілген соң, Никарагуаның ойыншылары Марлон Лопес Морено, Карлос Монтенегро және Карлос Чаваррия қонақ үйге жезөкшелерді шақырған.

"Қонақ үй күзетшісі түнгі бірде мені оятып, футболшылардың нөмірлеріне қалай келгені туралы видео көрсетті. Ол бұлардың Чаваррия, Монтенегро және Лопес екендігін айтты. Алғашқы екеуіне бірден киімдерін жинауды талап еттім. Кейін күзетші мені басқа бөлмеге алып барды. Онда Лопес және жуынатын бөлмеден шыққан бойжеткен болды. Мен оған барлық жұмысты бітірген соң, киімдерін жинап, үйіне қайтуды бұйырдым", - дейді құраманың бас бапкері Анри Дуарте.