Кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінде Кособуцкий – 104 кг, Мачиман 146 кг екені анықталды.
ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс кешінде суперауыр салмақтағы қазақстандық Жан Кособуцкий (10-0, 9КО) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ktk.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасы хабарлайды. Кособуцкий 40 жастағы тәжірибелі спортшы, бұрынғы әлем чемпионы, оңтүстікафрикалық Осборн Мачиманмен (23-12-2, 17КО) айқасты.
Кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінде Кособуцкий – 104 кг, Мачиман 146 кг екені анықталды. Алты раундқа шақталған жекпе-жекте Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой бокста он бірінші мәрте жеңіске жетті, соның онын нокаутпен аяқтады. Осборн Мачиман он үшінші рет жеңіліске ұшырады. Айта кетейік, Мачиман 2008 жылы жерлесі Корри Сандерсті нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атанған.