Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас неге қауіпті екені айтылды

0
710

Британиялық Дэнни Дигнум мексикалық Хайме Мунгияның орнын басып, қазақ боксшыға жаңа қарсылас ретінде белгіленді.


Жәнібек Әлімханұлына жаңа қарсылас неге қауіпті екені айтылды

ERNUR.KZ. World Boxing News порталының редакторы Фил Джей қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) WBO титулы үшін жаңа қарсыласына қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Британиялық Дэнни Дигнум мексикалық Хайме Мунгияның орнын басып, қазақ боксшыға жаңа қарсылас ретінде белгіленді.

"Дэнни Дигнум - атақты боксшы емес. Карьерасы жарқ еткен деуге келмейді, бірақ, ол бұдан биік деңгейге жете алады. Британиялықтың техникалық дағдылары өте жақсы. Ол әзірге өзін толық көрсететін мүмкіндік алған жоқ, әйтпесе қазіргі жетістігінен арттыққа лайық.

Әлімханұлымен айқас өте қауіпті сияқты. Қазақстандық боксшы өзін бұрынғы чемпиондармен айқастарда дәлелдеген. Бұл жекпе-жекте оның басымдығы бар, бірақ, Дигнумды есептен шығарып тастауға болмайды. Оның қағидаға беріктігі мен күш-жігері Әлімханұлына қауіпті болуы мүмкін", - дейді Джей.