Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған.
ERNUR.KZ. Токиодағы Олимпиаданың ұйымдастырушылары шетелдік жанкүйерлердің Ойынға келуіне тыйым салмақ, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта Жапония шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат берген жоқ. Елдегі ахуал жақсарғаннан кейін ғана бұл мәселе қарастырылатын болады. Біз оларды қабылдай алатындай жағдай бірден жақсарып кетеді деп ойламаймын», - деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.
Токиодағы Олимпиада 2020 жылы ұйымдастырылуы керек болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған.