Жеңілмеген қазақ жігіті 3 бірдей чемпиондық белбеуді иеленді

0
821

26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті


Жеңілмеген қазақ жігіті 3 бірдей чемпиондық белбеуді иеленді

ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) аустралиялық Стив Гагоны (11-0, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін біріктірді, деп жазады Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтті.

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бес нокаут). Айта кетейік, Жаңабаев Аустралияда алғаш рет жұдырықтасып тұр - бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген.

Жаңабаевтан кейін рингке тағы бір қазақстандық боксшы - Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) шығады. Оның қарсыласы аустралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеу тігіледі.