Бұл кездесу Монреальда өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті сенімді жеңді, деп жазады tengrinews.kz
Бұл кездесу Монреальда өтті. Жекпе-жек алты раундқа есептелген, дегенмен Жүкембаевқа жеңіске жету үшін бір минуттан аса уақыт жеткілікті болды.
Қазақстандық боксшы бірден қысым жасады. Батыр кездесу бастала сала қарсыласына ауыр соққыларын жұмсады. Оның бірі нокдаунмен аяқталды, бірақ қарсылас кездесуді жалғастыра алды.
Жүкембаев шабуылдарын жалғастыра берді, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатты. Қазақстандық боксшы, осылайша, 69 секундта техникалық нокаутпен жеңді.