Бетке қандай пилинг жасаған жөн?

0
8 037

Пилинг немесе эксфолиация деп аталатын косметологиядағы бұл процедура бетті қалыпқа келтіруге арналған. Беттің сыртқы қабатынан бастап тазалайтын бұл техника сыртқы көріністің әдемі болуына, дақтардан тазаруына ықпал етеді.


Бетке қандай пилинг жасаған жөн?

Монтаскье өзінің бір сөзінде: «Әйелдердің сұлу болуы үшін бір ғана мүмкіндік бар, ал әдемі болуы үшін мыңдаған мүмкіндік қарастырылған»,-деген екен. Жаз жақындаған да әрбір әйелдің гардеробында өзгерістер орын алып, өздеріне деген күтім де күшейе түспек. Нәзік жандылардың бет терісі суықтан, ыстықтан, желден тіпті ауадан да зақымданады. Косметология ғылымы дәл сіздің әдемі болуыңыз үшін үнемі қызмет етіп, жаңалықтар енгізіп отырады. Бүгін біз қазіргі кезде көп қолданылатын бет терісіне арналған пилинг жайында айтқанды жөн көріп отырмыз.

Пилинг немесе эксфолиация деп аталатын косметологиядағы бұл процедура бетті қалыпқа келтіруге арналған. Беттің сыртқы қабатынан бастап тазалайтын бұл техника сыртқы көріністің әдемі болуына, дақтардан тазаруына ықпал етеді.

Терінің құрамына байланысты пилингтің бірнеше түрі химилық, ферментті, лазерлі, жемісті және тағы басқа.

Бетке арналған пилинг 3 кезеңнен тұрады. Жеңіл немесе сыртқы, орта деңгей және терең жасалатын пилинг.


Мамандар алғашқы уақытта жеңіл пилингтен бастағанды ұсынады. Ол беттің тек сыртқы қабатына ғана арналған. Әрі қарайғы саты оның теріге сіңуіне байланысты жасалады. Мысалы, терең пилинг беттің ішкі қабатына дейін сіңеді. Пилингтің құрамында лимон қышқылы, глюкоза, алма қышқылы сықылды химиялық элементтер болғандықтан, бетке жағу барысында оның теріні тітіркендіруі қалыпты жағдай. Үш сатыда беттің қалыпқа келуі үш түрлі болады. Мысалы, алғашқы пилингте бетіңіз көп өзгеріске түсе қоймайды, ал жоғары сатыда бетіңізде қабыршықтар пайда болып, күйік шалғандай күйге енеді. Бірақ, оны өзі қалыпқа келгенше түртпеу керек. Себебі, бетіңізде тыртық қалып қоюы мүмкін. Пилингтен кейін салондарға барып бетті нәрлендіру де артық етпейді.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ