​Көздің айналасындағы ӘЖІМДІ ТЕЗ КЕТІРЕТІН 5 түрлі маска

0
29 303


​Көздің айналасындағы ӘЖІМДІ ТЕЗ КЕТІРЕТІН 5 түрлі маска

Көздің айналасындағы әжімдермен, қара дақтармен күресетін және қалталануына қарсы әдістерді қолданып көргенсіз бе?

Сұлулыққа нұқсан келтіріп тұратын көз алдындағы әжімнен құтылу үшін оның пайда болу себебін біліп алған да артықтық етпейді.


Негізі, көздің айналасындағы терінің қартаюына ылғалдықтың жетіспеуі, сапасыз косметикалық құралдар мен ұйқының алдында теріні дұрыс тазаламау, зиянды әдеттер, экология, күйзелістер және т.б. әсер етеді.


Ағзаның күйіне байланысты, жастың ұлғаюына байланысты да көздің айналасына сызаттар түседі.

Қабақтың терісінде майлы клеткалар болмағандықтан ол тез құрғап кетеді де әжім пайда болады. Сондықтан оны жақсарту үшін тиімді нәрлендіру мен ылғалдандыру үшін табиғи компоненттері бар халықтық маскалар мен компресстер қолданған дұрыс. Өйткені олар қолжетімді.


Маска №1:

Әжімге қарсы маска әзірлеу үшін 1 дана жұмыртқаның сарыуызы мен 1-2 тамшы зәйтүн майын араластырып, теріге 10-15 минут жағып қоямыз. Содан кейін жылы сумен жуып тастаймыз. Нәтижесі керемет, майда әжімдер кетеді.


Маска №2:

Табиғи сары майды қабаққа жағып, сіңіп кеткенше 1-1,5 сағат ұстап, жылы сумен жуып тастау керек. Түнгі крем ретінде де қолдануға болады. Таңертең тұрған соң жылы сумен жуып тастайды.


Маска №3:

Жарты ас қасық майлы сүзбені жарты шай қасық бал, 1 шай қасық сүт қосып жақсылап араластырады. Дайын болған массаны қабаққа жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастайды.


Маска №4:

1 дана шикі картопты үккіштен өткізіп, ұсақтап туралған ақжелкенді араластырып, көздің айналасына жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастайды. Бұл маска теріні жақсы ағартады.


(суреттер ашық дереккөздерден)


Маска №5:

Өріктің жұмсақ етін езіп, 1 шай қасық өсімдік майымен араластырып, жағып, 15-20 минуттан кейін жуып тастау керек. Бұл жаз мезгілінде жасауға ыңғайлы.

Сонымен қатар, шөптен жасалған компресстер пайдалы болып саналады. Ол үшін түймедақ, аскөк, шай қолданылады. Бұндай компрестерді дайындау ешқандай қиындық тудырмайды: 1 ас қасық кез келген жоғарыда көрсетілген шөпке 100 мл қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып, суытып, дискілі мақтамен көзге 15-20 минут басады. Бұндай қайнатпаларды мұзға арналған формаға салып, мұз қатыруға да болады. Мұз текшелермен таңертең көздің айналасын және бетті сүртеді.

Майлы компрестер де пайдалануға болады. Мысалы, зәйтүн немесе самырсын майларымен, сондай-ақ сүтпен де компресс (мақтаны жылы сүтке батырып 15 минут көзге басады) жасауға болады.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КҮЙГЕН ТЕРІдегі ДАҚ пен ТЫРТЫҚтан арылудың ең оңай жолдары


Шашыңызға ерте ақ түсті ме? Мұның емі бар