Кеңес дәуірінің атақты актрисасы Фаина Раневскаяның "Куәлік деген - бір бәлекет, адамның үнемі өз он сегізі болуы керек. Ал куәлік сенің он сегіз жастағыдай өмір сүру керектігіңді еске салатын қағазы ғана болсын" деген екен. Шынында қанша жаста болса да 18 қыздың энергиясын шашатын жандар болады. Олардың сұлулығының құпиясын әркім әртүрлі жорамалдайды. Бүгінгі "Сұлулықта" біз өз жастарынан әлде қайда жас көрінетін нәзік жандылардың тізімін жасаймыз.

Айжан Нұрмағанбетова, әнші. Оның жасын дөп басып ешкім айта алмайды, бірақ образы мен күтіміне қызығатындар жетерлік. Әйел адам үшін "Бақыт деген..." осы болса керек.
Нұржамал Үсенбаева, опера әншісі. Бүкіл әлем Шымкенттік қыздың даусына ғана емес, сұлулығына да тәнті. Қазіргі күні немере сүйіп отырған Нұржамал ханымның жаны да, тәні де нәзіктікке тұнып тұрғандай.
Эрнест Шепард, 82 жастағы АҚШ тұрғыны. Ол дене бітіміне 50 жастан асқанда көңіл бөле бастапты. Айнадағы өз келбетіне көңілі толмаған әйел, бірден қатаң тәртіппен жүре бастайды. Үнемі спортпен айналысып, дұрыс тамақтануды қолға алған. Оның нәтижесі өздеріңіз көріп отырғандай...
Кармен Делль‘Орефиче, америкалық сәнбике. Ол рекордтар кітабына подиумдағы ұзақ карьерасы арқылы енген. Қазір 87 жастағы бикеш әлі өзін сергек сезінеді және түрлі шаралардың басынан табылады.
Лю Елин, қарапайым ғана кітапханашы.Бұл бикешті өз ұлының сүйіктісі деп ойлайтындар өте көп. Олай болуына себепте бар, 50 жастан асқан қытайлық қыздың мүсіні жіптіктей, жүзінде әжімнің табы да жоқ. Ол бұл сұлулығын құпиясын қыcы-жазы өзенге түсетінімен және ешқандай косметика қолданбауымен түсіндіреді.
Фото: Ашық дереккөздерден алынды.
Автор: karashash_esenbay
ERNUR.KZ