Қыздар бетке арналған түрлі маскаларды осы кезге дейін қолданып көрген боларсыз?! Арнайы сатып алған маскалардан өзге үйде жұмыртқа, банан, құлпынай, айранмен түрлі әдістерін қолданып көргеніңізге күмән жоқ! Ал бүгін тіпті ерекше тәсілін ұсынғымыз келеді. Бетке арналған бұл маска уылдырықтан дайындалады. Иә, қарапайым уылдырықтан! Тек бұл жолы оны нанға емес, бетіңізге жағу керек!:)
Қыздар бетке арналған түрлі маскаларды осы кезге дейін қолданып көрген боларсыз?! Арнайы сатып алған маскалардан өзге үйде жұмыртқа, банан, құлпынай, айранмен түрлі әдістерін қолданып көргеніңізге күмән жоқ! Ал бүгін тіпті ерекше тәсілін ұсынғымыз келеді. Бетке арналған бұл маска уылдырықтан дайындалады. Иә, қарапайым уылдырықтан! Тек бұл жолы оны нанға емес, бетіңізге жағу керек! :)
Жасыңыз отызға келіп қалса, қара және қызыл уылдырықтан болатын аталмыш маска өте пайдалы болмақ. Теңіз өнімінің құрамындағы микроэлеметтер бетті нәрлендіріп, ұсақ дақтардан тазартады. Ол үшін дүкенде сатылатын уылдырықты алып, бетіңізге жағасыз 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастасаңыз болды!
Екінші бір ерекше масканы аққайнардан дайындауға болады. Аққайнар мен йогуртты бірдей мөлшерде алып араластырасыз, оны бетіңізге жаққаннан кейін жарты сағат өткенде жуып тастаңыз. Ол бетті нәрлендіріп, әжімдерді тежейді.
Фото: edinstvennaya.ua
Автор: @karashash_esenbai
ERNUR.KZ