Жігіттерге боянудың қандай түрі ұнайды?

0
4 241

Қыздар, әрине барлығымыз дерлік әдемі болып жүргенді жақсы көреміз. Бірақ кейде "әдемі көрінеміз" деп артық кетіп қалатын кездеріміз де болады. Жігіттер біз сияқты бояудың түрін ажырата алмаса да, оларға ұнайтын бірнеше бьюти-тәсілдер бар екен. Ендеше сүйіктіңізге сіздің қалай боянғаныңыз ұнайтынын білгіңіз келсе, төменге қарай түсіңіз...

Нәзік еріндер. "Әйелдің шиедей ерні..." деген тіркесті талай естігеніңізге күмәніміз жоқ, бірақ бұл бұрынғы тенденция. Қазір табиғилық жоғары бағаланады. Ер адамдар сүйіктісінің нәзік әрі қиялшыл болғанын қалайды. Сондықтан келесіде көзіңізді жарқын түстермен боясаңыз да, ерніңізді қанық түске боямаңыз.

Жасанды емес қас. Қазіргі таңда нәзік жандылардың көбінің қастары жасанды екені рас, ал бұл жігіттерге мүлде ұнамайды. Тым ұзын және қошқыл қастардан аулақ болыңыз. Барынша табиғи түсін сақтауға тырысыңыз.

Еңлік-далап (Румяна). Алмадай бетіңіздің қызғылт тартып тұруы тартымды көрінеді. Бірақ оны шегінен асырып бояудың қажеті жоқ. Барынша көзге түспейтіндей етіп бояп жүріңіз.

Фотолар ашық дереккөздерден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ